«Ұлық Ұлыс – Алтын Орда»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің жалпыұлттық жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қолдауымен 2021 жылдың 27-28 қазанында ұйымдастырылған «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми-практикалық конференция-сына арнайы дайындалған Сарайшық ауылындағы этноауылды көріп, тамашалауға 29 қазан күні Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің директоры, т.ғ.д., профессор Жанұзақов И.И. бастаған оқытушылар мен белсенді студент жастар барып, Тәуелсіз еліміздің даму тарихында айрықша орны бар, тың дарихи деректерді көрді. Қазақтың алып Тұлғалары Хан ордаларының ұлттық нақышқа сай безендірілген, сол дәуірдің тыныс-тіршілігін білдіретін құнды жәдігерлермен танысты. Қазақ елінің майталман өнер жұлдыздарының ұлттық өнерді дәріптеудегі туындыларын тамашалады.