«Өлшеу құралдары мен автоматтандыру құралдарын калибрлеу» тақырыбында ашық сабақ

04.12.2024 күні  2АУ1 тобының  студенттеріне арнайы пән оқытушысы А.Б.Казиева «Өлшеу құралдары мен автоматтандыру құралдарын калибрлеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – аспаптардың бүліну себептерін анықтау және жою, метрологиялық аспаптармен танысу, жөндеу және калибрлеу жұмыстарын түсіндіру. Сабақ барысында түрлі әдістер, соның ішінде «кинометафора», «SWOT-талдау», графикалық диктант, «түртіп алу», «кері байланыс» («шырша безендіру») әдістері қолданылды. Сондай-ақ, калибрлеуге қажетті құрал-жабдықтар көрсетілді.