Өңірді отандық өніммен қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты талабы. Колледжіміздің студенттері өнім өсіретін жылыжай салып, көкөніс түрлерін егіп, дағдыларын шыңдауда. Білім мен кәсіпті байланыстырғысы келген студенттеріміздің жылыжай ісін қолға алғанына 3 жылдай уақыт өтті. Еңбек пен ермек. Екеуін ұштастырған оқушылардың қоғамға көп пайдасы тиетіні анық. Еккен өнімдері бой көтеріп, жайқалып өсіп келеді. Әрине бәрі балалардың егіншіліккке, өсімдік әлемін тануға деген құлшынысының арқасы.