«Жас оқытушылар мектебінің» мүшелерімен «Студенттердің оқу жетістігін бағалау жүйесі» тақырыбындағы оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты: бағалаудың түрлерін білудің маңыздылығы туралы пікірлесу, тиімді жолдарына бағыттау, дұрыс пайдалану жолдарын үйрету, студенттердің бiлiмiн бағалаудың тиiмдi әдiсiн меңгерту арқылы оқытушылардың кәсiби құзыреттiлiгiн арттыру, қазіргі заманға сәйкес бағалауға көмек беру, критериалды бағалау жүйесімен таныстыру.
Семинар барысында директордың ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Г.Ержанова «Заманауи білім беру ұйымындағы бағаның рөлі» тақырыбында кіріспе сөз сөйлеп, кейіннен «Педагогикалық шеберлік мектебінің» жетекшісі Ж.Т.Кабдрахманова «Білім саласындағы дәстүрлі бағалау критерийлері» тақырыбында, тәжірибелі жоғары санатты оқытушы Б.А.Тасимова «Студенттердің білімін бағалау жүйесі» тақырыбында, жас маман А.Қанатқызы «Халықаралық жастар қорының «Заңғар» жобасы аясындағы «Табысқа жеткізетін төлқұжат» бағдарламасы» тақырыбында және арнайы деңгейлік курстан өткен оқытушы Б.С.Тұрақбаева «Критериалды бағалау – сапалы оқу кепілі» тақырыбында баяндама жасап, оқытушыларға қажетті әдістемелік көмек беріп, тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық жұмыстар өткізді.