«Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз»,- деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай жастарға саналы ұрпақ боп өсуіне, тілін, ділін,әдет- ғұрпын қадірлеуге, қыз баланың қадыр- қасиеті мен ұлттық ұлылығын таныту мақсатында О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы- техникалық колледжінің шығармашыл, өнерлі “Жас қаламгерлер» үйірме жетекшісі , қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Айғаным Құресқызының ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ- ұлт болашағы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізді.
Аталмыш шараға арнайы қонақтар шақырылды “Хиуаз”қоғамдық бірлестігі мүшелері ,»Сеніммен болашақ”, Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының басшысы Жәрдемова Гульфия Абаевна ,, Дәстүрге жол — Қазақ аналары” Республикалық қоғамдық бірлестігінің, Атырау облыстық бірлестігігің төрайымы Жанар Әбіш Төрениязқызы, Атырау облысындағы «Қарақат» мектеп студия сының директоры Эльвира Батырқызы, Прикаспийская газетінің тілшісі — Надежда Шильман ,,С.Мұқашев атындағы политтехникалық колледжі ,Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық колледждің аға оқытушыларымен дарынды студенттері шақырылды .
Дөңгелек үстелді директордың тәрбие- жұмысы жөнінде орынбасары Қ.Қ Тарих ұлы кіріспе сөз сөйлеп, сәттілік тіледі. Асыл әжелеріміз бұрынғы қазақ қызының киім киісі, шаш үлгісі туралы мағлұмат бере отырып, өздері 1 вет 1 оқу тобы студенті Өтеген Айарудың шашын өріп көрсетті. Шақырылған қонақтар ұлттық құндылықтар, жастар тәрбиесіне аса қонымды әңгімелерін айтты. Қыз тәрбиесі туралы бейнебаян талқыланды . “Қарақат” мектеп студиясының жетігеншісі өз аспабымен шебер өнерін көрсетті.
1-курс студенттері тамаша ән, билерін орындады. Әсіресе 1жд2 оқу тобы студенттері кураторы
Ж.Б Таумановамен белсенді қатысып , «Алғыс хат » иеленді. Келген қонақтар тәрбиелік мәні бар, рухани азық алғандығы жөнінде ризашылықтарын,алғыстарын білдірді.
Соңында ұйымдастырушы А.К Нугмарова қонақтарға Алғыс хатпен сыйлықтар табыстады . Колледж кітапханашысы Айгүл Мағзомқызы «Қыз -елдің көркі » атты кітап көрмесі мен таныстырды .