ОҢАЙБАЙ КӨШЕКОВ АТЫНДАҒЫ

АТЫРАУ АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 Бос тұрған төмендегі қызметтер бойынша конкурс жариялайды:

1.1. Автоматтандыру және басқару пәні бойынша оқытушы – 1 бірлік;

1.2. Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы – 1 бірлік;

1.3. Өндірістік оқыту шебері – 1 бірлік

      Еңбекақы мөлшері: біліміне, біліктілік санатына, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.

      Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

      1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілуі тиіс – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) кандидаттың бағалау парағы.

       Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.10.2024ж – 10.10.2024 ж.

      Анықтама телефоны:  8(7122)3653810, 87782460876

      Электронды пошта: agrocollege@mail.ru

      Мекен-жайы: Баймуханов көшесі, 45