Ақпан айында О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің «Жерге орналастыру» мамандығының студенттері жерге орналастырушылардың төл мерекесі қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемелекеттік корпорациясының мамандарымен кездесті. Кездесу барысында мекеме мамандары Нұрлан Тампиев және Әділет Теміров колледж студенттеріне алып жатқан теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында жер өлшеу аспабы- GPS-тың жұмыс істеу принципін түсіндірді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау облысы бойынша филиалы директоры Хайрат Ауданов студенттерге жер кадастры туралы қажетті ақпараттар берді. Сонымен қатар, колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Баймукашева Нейла Серікқызы мамандарды төл мерекесімен құттықтап, мамандардың берген тәжірибелік ақпараттың студенттерімізге өте маңызды екенін жеткізіп, алғысын білдірді. Колледж студенттері мекеме мамандарына мамандықтарына қатысты өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.