Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде 2020 жылғы 03-12 ақпан аралығында «Өзін –өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік жоспарға сай 10.02. күні «қазақ-орыс және ағылшын тілдері» пәндер цикл оқытушыларының ұйымдастыруымен «Мен қазақпын» әнінің сөзін жазған ақын,белгілі тележурналист Нұржан Төлендіұлы Өмірбаевпен кездесу кеші өтті. Әр жазған өлең шумақтарында қынаптан суырған алмас қылыштай қайсар шабыт жарқ ете қалатын ақындықтың қазақ өнерінде алар орны ерекше. Алланың берген өнерінің арқасында аламан айтыстан оза шауып, қағаз бен қаламды серік еткен беделді журналист Нұржан Өмірбаев колледжіміздің қонағы болды.
Кездесу кешін директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Т.Қабдолов ашып берді. Нұржан ақын балалық шағы мен жастық шағын, айтысқа келген уақыттарын, «Мен қазақпын» өлеңінің жазылу тарихы туралы көрермендермен сыр шертісті. Ақын өзінің көркем ой, кестелі жыры мен ақ алмастай жарқылдаған асыл өздері арқылы оқытушылар мен студенттердің жүрегін баурап алды.. Кездесуден тамаша әсер алған Нұржан ақын төмендегі өлең жолдарын көрермендерге тарту етті.
Жақсы болды колледждің шақырғаны
Жүрек лаулап,шабытым лапылдады.
Оңайбай атамыздың шаңырағы
Жаныма өзгелерден жақындады.
Алғаш рет кездесу ұйымдастырып
Керемет қой студенттердің отырғаны.
Апайлар да алтын уақытын бөліп келсе,
Нұржан оны жақсылық деп мақұлдады.
Білімді шәкірттермен мақтансыншы.
Осынау аграрлы колледждің О.Көшекұлы атындағы.
Ұшыратын мен қазақпын ән құсым бар,
Сол әнде жалғасатын мәнісім бар.
Алтын уақытын арнап бөліп келген
Сіздерге бас иетін алғысым бар.
Жақсырақ бір жан едім, талапты ем,
Сіздер барда шабыттанып қалатын ем.
Ағайдың аты шынымен Қанат екен.
Оның да жақсылығын жаратып ем.
Апайдың аты Қарлығаш қой,
Оны да бір бақытқа балатып ем.
Екіншіден бүгінгі кеш жақсы өтсін,
Қарлығаш су сепкендей қанатымен.
Шығарып осынау бір төріңізге,
Ән айттым,жыр да айттым көрдіңіздер.
Ұстаздар,ұялмайтын шәкірт болсын
Еңбегін арнайтұғын елімізге
Студенттер дипломды қолға алған соң,
Қызмет етсін мына байтақ елімізге.
Сұрақ қойған,ән айтқан бауырларым,
Мың алғыс деп айтамын көбіңізге.
Мұны да бір керемет шақ көрейін,
Мұны да бір бастағы бақ көрейін.
Алла жазса,шабыттанып,шарықтатып,
Шабытты ұстап едім тап берейін.
Сәтін салса бір-екі ай өткеннен соң.
Сүйіншілеп жаңа әуен ап келейін.
Мұны да қара өлеңге қазық қылып,
Сіздерден қошеметті азық қылып
Алла жазса,мендегі уәде болсын
Колледждің гимнін жазып берейін.
Жүрекке жететін жағымды сөздерімен,көптеген хит әндердің дүниеге келуіне себепші ақынмен, әнші Қуандық Рахымның жырлайтын «Мен қазақпын» әнінің авторымен кездесу студент жастарды отансүйгіштік пен патриоттық сезімге баулып, халқымыздың рухы мен даналығын ұғынып, қасиеттерін дамытуға себепші болды. Кеш соңында студент жастар ақынмен қосылып «Мен қазақпын» өлеңін бірге жырлады.