Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар-сапалы білім берудің негізі

Ағымдағы жылдың  16-ақпан күні колледжішілік «Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар-сапалы білім берудің негізі» тақырыбында  оқытушылар арасындағы педагогикалық оқулар өткізілді.

Педагогтардың кәсіби байқауының негізгі мақсаты: педагог қызметкерлердің шеберлігін арттыру, инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, кеңінен тарату.

Педагогикалық оқулардың  қорытындысы  бойынша жеңімпаздар дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Қажушева Октябрина Қадырқызы – 1 орын,  Айткалиева Гулмария Бейбітқызы – 2 орын, Сатимова Нагима Сандыбековна 3 орын иеленді.