Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде 2020 жылғы 03-12 ақпан аралығында «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік жоспарға сай әртүрлі жұмыстармен аталып өтті. Онкүндік шеңберінде 12-ақпан күні «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты республикалық ашық сабақтар жоспарланған. Осыған орай, аталмыш колледждің өзін-өзі тану пәні оқытушысы Қ.П.Халелова мен орыс тілі пәні оқытушысы Г.Т.Шанарова екеуі бірлесіп, 1вет1 оқу тобы студенттерімен «Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыбында өзін-өзі тану және орыс тілі пәндерінен кіріктірілген ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Өзін-өзі тану пәнін орыс тілі пәнімен ықпалдастырып өткізу арқылы, беріліп отырған білімді жандандыру, яғни оның рухани адамгершілік мән-мағынасын айқындау. Студент жастарға күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен қараудың мән мағынасын түсіндіру. Жақсылыққа ұмтылу, мейірімділік, қамқорлық, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Студенттерді өз Отанын, жақындарын, достарын, айналасындағы адамдарды, табиғатты сүюге, ата-анасын риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу.
Сабақтың құндылығы – сүйіспеншілікпен бастау алса, қасиеттері: адамгершілік, мейірімділік, жақсылық, қамқорлықты қамтыды.
Сабақ барысындағы қолданылған әдіс-тәсілдер, бейнебаян мен шығармашылық тапсырмаларды орындау студент жастардың өзіндік қабілеті мен ішкі мүмкіндіктерінің ашыла түсуіне зор ықпалын тигізді. Шығармашылық тапсырмаларды орындау өз бетінше және ұжымдық әрекеттер арқылы жүзеге асырылды. Осындай әрекеттермен жүзеге асқан сабақ қорытындысында «мақсатына жеткен үлгілі сабақ» деп бағаланды.