Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, қазақ əдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы , ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау мақсатында О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы- техникалық колледжінің жоғары санатты қазақ тілі мен əдебиеті пәні мұғалімі , “Жас қаламгерлер” үйірме мүшесінің жетекшісі, “Бабалар үні” ақылдастар алқасының “Абай мұрасы” бағытының жетекшісі А.К Нугмарова облыстық “Абай мұрасы – халық ұлағаты” атты дөңгелек үстел өткізді .Шараға арнайы шақырылған қонақтар; Б.Ж Таубаев , С.Ж Сапанов, Қ.Ғабдолов , М.Н Ермуханов қатысып , олар Абайдың дара , дана тұлға екендігіне, Абай тағылымдарының тәрбиелік мәніне , қарасөздеріндегі гуманистік , ағартушылық , əлеуметтік ойларына толықтай түсінік бере отыра ой толғады .Шараға студенттер қызығушылықпен, атсалыса қатынасты. 1вет1 оқу тобы студенті Салахиден Зейнелсаят 6 – қарасөзін жатқа айтты . 1 жду оқу тобы студенттері Шамардан Қасым “Өлсем орным қара жер, сыз болмаса? өлеңін нақышына келтіре орындап, Сағыныш ” Желсіз түнде жарық ай ” əнін орындады .Шара соңында Қамза ағамыз қатысушыларға бата берді . Шара өте əсерлі өтті . Өлді деуге сияма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен дбізбен бірге мәңгі жасай бермек