Махаббат пен шығармашылық педагогикасы

Ақпнның 3-жұлдызында О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы- техникалық колледж інде “Өзін – өзі тану ” пəнінен “Махаббат пен шығармашылық педагогикасы ” атты дәстүрлі онкүндіктің ашылу салтанатты жиыны өткізілді . Жиынның ашылуын директордың тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Т Қабдолов сәттілік тілей отыра , сөз сөйледі . Жиынды “Өзін – өзі тану ” пəні мұғалімі А.К Нугмарова жүргізді жəне “Өзін – өзі тану ” рухани- адамгершілік білімнің түп тамыры тереңде жатқанды ғын, жалпыадамзаттық құндылықтарға бастар жол екендігі туралы түсінік берді. Жиында апталықтың мақсаты ,жоспары таныстырылды. Колледж кітапханашылары: С.Қ Қуантаева, Т. Ж Бақсығариева “Əлем таныған Абай” жəне “Сара салған сара жол” атты кітап көрмесімен таныстырды. А.К Нугмарова барлық оқу тобы студенттерін апталыққа атсалыса қатысуға шақыра отыра, əлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып,қайырымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс, адам екенін терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлайық, яғни бір-біріміздің жүрегімізге жылылық нұрын ұялатайық,- деген жүрек жарды сөзімен аяқтады .