Қазақ-орыс, ағылшын тілдері пәндік цикл комиссиясының онкүндігі аясында 2тора1, 2тора2 оқу топтарының студенттері арасында «Сүйіспеншілікпен өмір сүр!» тақырыбында танымдық диалог сағаты ұйымдастырылды (орыс тілі пәні оқытушысы Ержанова А.Г.). Шара барысында студенттер «өмір», «махаббат», «сүйіспеншілік» ұғымдары туралы пікір алмасып, махаббаттың ұлы сезім екендігі және әркім өз өміріне жауапкершілікпен қарап, ата-ананы қадірлей білу керектігі туралы мазмұнды ой түйді.
«Ана, мен Сізді жақсы көремін!», «Махаббат өлімнен де күшті», «Фрирайтинг», «Өміріңді бағала!», «Сен де бір кірпіш дүниеге…» атты бөлімдер мен сергіту сәті ерекше әсерлі өтіп, қолданылған бейнематериалдар, музыкалық шығармалар мен мазмұнды презентация танымдық диалогтың өз мақсатына жетуіне септігін тигізді.