Қазақ қызының бейнесі

О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы- техникалық колледжінде ” Қыз- ұлт келбеті” тақырыбындағы қыз студенттерге арналған апталық жұмыстары жалғасын табуда.Жоспарға сай белгіленген ” Арт – объект: ” Қазақ қызының бейнесі” шарасын өткізу барысында студент қыздарымыз өз шығармашылықтарынан туындаған жұмыстарын жолдауда.Соның бірі 1курс студенті Сағидолла Фариданың туындысы. Қазақ қызының көркем бейнесі не нәрсемен әрленсе де әр уақытта айшықты келбетін жойған емес. Фарида өз шығармашылығында қарындаштың ұштауынан қалған қалдықтар мен жапырақтар арқылы қазақ қызының бейнесін сомдады.