Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін рухани жаңғырту

“Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін рухани жаңғырту” атты шеберлік сыныбы

О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде 07 қарашада жоспарға сай ұйымдастырылған «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін рухани жаңғырту» атты шеберлік сыныбы өтті.

Шеберлік сынып мақсаты:

Білімділік: Ұлттық ою –өрнектерді үйрету арқылы қыздарымыздың бойына іскерлікпен дағдыны қалыптастыру.

Тәрбиелік: Нәзік жандарды ұқыптылыққа ,сұлулыққа,жинақылыққа назар аударта білу,эстетикалық ,экономикалық тәрбиеге баулу.

Дамытушылық: Аруларымызды іскерлікке, іздемпаздыққа,ой- қиалымен шығармашылдық қабілеттін шыңдатуға, көркемдікпен сәндік өнердің шеберлігімен қазаққи нақышты қайта жаңғырту.

Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің даму тарихы — қазақ ою өрнегінің өзіне тән даму жолдары мен тарихы бар.Қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.

Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, үйсін өнері мұраларынан геометриялық, қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.

Қазақ ұлттық ою-өрнегін қазақи нақышта әр түрлі заттарды үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нбезендіруге қолданылған. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырылып,түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.

Ою өрнектер архитектуралық ғимараттарды безендіруге арналып,жүйелі ырғақпен қайталанып отырыатын әр түрлі үйлесімділікке құрылған өрнекті нақыштарда қолданыста болған.

Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады.

Қазақ ұлттық ою-өрнек түрлеріне қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады. Кей қолданыста ол қырықмүйіз, сыңармүйіз, арқармүйіз болып түрленіп отырады. Қошқармүйіз төрт тармақтан құралып, ортасы айқыш тәрізді болып келеді.

Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды. Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап өтейік.

Қазақ ою өрнегі бейнелеу өнерінің сәндік үлгісі мен терең философиялық мағынаға ие.Ою – өрнекті әшекей белгілер халықтың қоршаған ортасы мен өмірі туралы ұғым түсінігі .Мұндағы түр мен түстің символикасы,магиялық нышан белгілері бір тұтас образ ретіне белгілі бір мағыналы қызмет атқарады.