Ашық бюджеттердің интерактивтік картасы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты ұйымдардың 2020 жылғы бюджеттері www.publicbudget.kz сайтында жарияланған болатын. Мақсат – аталған сайтқа жарияланған бюджеттерді қоғамның, азаматтардың назарына жеткізу, сондай-ақ, олардың жарияланған бюджеттерге қатысты пікірлер, шағымдар, өтініштер және ұсыныстар қалдыру үлестерін арттыру арқылы ашықтықты қамтамасыз ету, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру. Осы бағыттағы жұмыстардың бірі – “Ашық бюджеттердің интерактивтік картасы” жобасы. Жоба туралы ақпарат электронды нұсқадағы баннерлерде берілген.