Атырау Облысы Білім Беру Басқармасының Әдістемелік Орталығының өткізуімен болған ” Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыбындағы облыстық онлайн конференцияда О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің педагог-психологі Мажитова Орынгул Разиденовна өз тәжірибесімен бөлісті. Онлайн конференцияда жасөспірімдердің Заң алдындағы өз міндеттерін түсіне отырып, жауапкершілікке тәрбиелеу жөнінде, ата-аналардың кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер үшін жауапкершілігін ескере келе, жас ұрпақты тәрбиелеуде тек материалдық құндылықтардан бөлек рухани, моральдік құндылықтарды бойына сіңіре білуге баса назар аудару керек екендігі жөнінде ой бөлісіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Өз тәжірибесімен бөліскен үшін Атырау Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының Сертификатын иеленді.