Өндіріс студент көзімен

О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы – техникалық колледжінде 23 ші сәуір күні « Құрылыс – техникалық » цикл апталығының соңғы жұмысының жоспарына сәйкес , Өндірістік оқыту тәжірибесінен “Өндіріс студент көзімен” тақырыбында 2с1 оқу тобы мен саяхат сабақты Zoom платформасында өткізді. Сабақты өткізу 3 бөлімнен тұрды. Негізгі бөлімде мекемелерге картамен саяхат әдістері арқылы студенттер мекемелерден үйренгенімен видео слайд арқылы қамтыды. Сабақты өткізген арнайы пән оқытушылары : Суйесинова Айгуль Есенкуловна мен Камиева Алима Еділбаевна. Сабақтың мақсаты : Студенттерді құбылыстарды, заттарды, үрдістер мен олардың байланысы, кәсіби танымдық қызығушылық, болашақ маманның кәсіби іс әрекетіндегі бейімделу үрдісін қысқарту және де өз жетістігіне сенімділігін арттыру. Алған теориялық білімін практика жүзінде ұштастыру. Мамандыққа деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін алған білімдерін толықтыра түсінуін, ойлау және қабылдау қабілеттерін деген мамандығына ұштастыру. Сабақ барысында студенттер жаңа ақпараттық технология бағдарламасын пайдаланды. Студенттермен психологиялық тренинг пен байланыстырып, “Үйренгім келеді-Үйрене аламын-Үйрену керек” деген әдіспен сабақты аяқтады. Сабақ өз деңгейде өтті .