2020-2021 оқу жылының басында О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы – техникалық колледжіндегі «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және пайдалану» мамандығының шеберханасы “Жас маман” жобасы аясында жаңа материалдық техникалармен жаңартылды. Атап айтсақ, металдарды пісіруге арналған Warrior 500i CC/CV 380-460V ток көзі және роликті сумен салқындатылатын Warrior Feed механизмді дәнекерлеу құрылғылары алынып 4 кабина жабдықталынды. Сонымен қатар, дәнекерлеу құрылғылары орналасқан кабинет жұмыс жасауға қажет болатын металл верстактармен , аспаптарға арналған және жұмыс киімдерін ілетін шкафтармен, арнайы киімдермен, дәнекерлеудің бастапқы дағдыларына жаттықтыратын компьютерлі – жаттықтырғышпен толықтырылды.
Жаңа жабдықталынған кабинетте дәріс алу студенттердің дәнекерлеу жұмыстарын сапалы орындауларына үлкен мүмкіншілік беріп отыр. Студенттер ең әуелі дәнекерлеуге дағдыландыратын жаттықтырғышпен машықтанып, содан кейін металды дәнекерлеу жұмыстарын орындайды.
Шеберхананың автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жағына дөңгелекті бөлшектеп жинайтын және дөңгелектерді теңгеретін құрылғылар, металды өңдеуге арналған әмбебап фрезер станогы , металды майыстыруға арналған ұсталық құрылғылар алынып , практикалық сабақтарды өткізуге пайдаланылып отыр.
Нәтижесінде, арнаулы-техникалық цикл оқытушылары “Жас маман” жобасы бойынша жаңартылған, маман даярлауға арналған құрылғыларды тиімді пайдаланып, дәрістерін сапалы өткізуге қол жеткізіп отыр. Бұл заманға сай білікті маман әзірлеуге үлкен мүмкіндік береді.