Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай: мәселелер мен болашағы

Атырау облысы Білім беру басқармасының  Әдістемелік орталығы мен О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі бірлесіп 31 мамыр 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай: мәселелер мен болашағы» атты оқытушылар мен студенттер арасында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

 Конференция онлайн форматта өтті. Конференция жұмысына Нұр-Сұлтан, Көкшетау қаласы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының ЖОО-ның профессорлық құрамы, колледж директорларының орынбасарлары, әдіскерлер, оқытушылар мен студенттер қатысты.

 Конференцияға сырттай және тікелей қатысу үшін жүзге тарта баяндама келіп түсті. Баяндамалар сараптамадан өткізіліп, 13 баяндама пленарлық отырыста қорғалды. Секциялық отырыс стендовый (слайд-презентация) түрде ілінді.

Конференцияға қатысушылар  Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, тәуелсіздіктің экономикалық негіздерінің қалыптасуын, әлеуетті мүмкіндіктер негізінде елдің экономикасындағы өзекті мәселелері мен болашағы бойынша сұрақтарды зерттеу, болашақ мамандардың жалпы және коммуникативтік мәдениетінің деңгейін арттыру, жастардың шығармашылық, ғылыми-зерттеу және жобалық қызметін ынталандыру қажеттігін атап өтті.

Өзгермелі жаһандық әлем жағдайында үздіксіз білім берудің өзекті мәселелерін баяндайтын мазмұнды баяндамалары үшін конференция қатысушыларына  алғыстарын білдіріп, Алғыс  хат пен сертификат берілді.