«Құпия адам деген…» («Человек есть тайна…») атты ашық отырыс

24 қыркүйекте тілдік пәндер онкүндігі аясында “Алқызыл желкендер” үйірмесі мүшелерінің ұлы орыс жазушысы Ф.М. Достоевскийдің туғанына 200 жыл толуына арналған «Құпия адам деген…» («Человек есть тайна…») атты ашық отырысы өтті. Үйірме жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ержанова Ақкенже Ғаббасқызы бұл іс-шараны әдеби кеш-променад түрінде ұйымдастырды. Үйірме мүшелері, 2ау1, 1св1, 1этм1, 1этм2, 1мсх1 тобының студенттері, өздерінің білімдері мен дағдыларын бес интерактивті алаңда көрсетті: «Сайлау учаскесі»: пікірлердің коммуникациялық қабырғасы; «Вернисаж»: жазушының шығармаларына иллюстрациялар көрмесі; «Ғылыми кафедра» – Ф.М.Достоевскийдің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы дәрістер; «Гайд-парк» (сезімді жеке білдіруге арналған орын, шешендер бұрышы, талқылауға арналған алаң): үйірме мүшелерінің өнері; «Көрермен залы»: фильмді немесе бейнефрагменттер көрсету. Іс-шара барысында студенттер жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айтып, өлеңдер оқыды, Ф.М.Достоевскийдің шығармашылығының маңызы туралы дәйексөздерді талқылады және фильмнен қаралған эпизодтар туралы пікірлерімен бөлісті. Кеш соңында үйірме мүшелері «Сұлулық әлемді құтқарады!» – деген қорытынды жасады! Сондай-ақ, “Петербург құпиялары” кинофильміндегі Андрей Петровтың музыкасы мен Анна Германның орындауындағы “Гори, гори, моя звезда” әні кештің ерекше атмосферасын сезінуге өз септігін тигізді.