26 қазан 2021 жылы О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде Арнаулы –технологиялық пәндер циклі бірлестігінің ” Ауыл шаруашылығының жаңаша көрнісі” апталығы аясында 2вет2 оқу тобында “Ветеринариялық істі ұйымдастыру” пәнінен Избулова Арайлым Мадихатқызының және Алишов Дастан Ерболұлының өткізуімен “Ауылшаруашылық өнімдерін сараптау” тақырыбында сыныптан тыс шара өтті. ☆Мақсаты: Адаммен малдардың біріккен ауруларын зертханаларда зерттеу өткізу арқылы азық-түлік пен мал өнімдерінің, және жем-шөптердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардын ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамту.☆ Шара екі тілде жүргізілді. Сабақ өткізу барысында “Ет өніміне органалептикалық сараптау” тәжірибесі жүргізілді. “Макет арқылы” ІҚМ және ҰҚМ малдың ішкі құрылысын анықтады. Ет, балық, құс, бал, сүт өнімдеріне сапалық баға берілді.