Әдептілік – адамгершіліктің белгісі

​Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында студент жастар ортасында студенттердің бойында жасы үлкен адамдарды сыйлау және құрметтеу, кішіпейілділік, инабаттылық, имандылық қасиеттерді тәрбиелеу мақсатында барлық оқу топтарында «Әдептілік – адамгершіліктің белгісі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Көліктерде қарияларға орын беру, сыпайы жауап қайтару мәселелер талқыланып, тәрбие сағаттары барысында эссе жазу, театрландырылған қойылымдар, сурет байқаулары ұйымдастырылды. Студент жастар ортасында осы бағыттағы жұмысты үнемі ұйымдастыру «Саналы ұрпақ» ерікті студент жастар тарапынан қолдау тапты.