Бүгін, 25 қазан күні арнаулы-технологиялық пәндер циклі бірлестігінің ” Ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі” атты апталығының ашылуы өтті. Апталық аясында “Қош келдің, Алтын күз!” тақырыбында ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге әр түрлі сүт, балық өнімдері, көкөністер мен жемістер және арнайы қолөнер туындылары қойылды. Сонымен қатар оқу топтарының күз мерекесіне дайындаған қабырға газеттері ілінуде.