Жас оқытушылар мектебінің жоспарына сай «Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы»тақырыбында шеберлік сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты жас оқытушыларға сабақ түрлері мен құрылымы туралы толық мәлімет беру, алған білімдерін практикалық дағдымен байланыстыра жетілдіру, алған білімін педагогикалық тәжірибесінде тиімді пайдалануға тәрбиелеу болды.
Шеберлік сабағын өткізген – жас оқытушылар мектебінің жетекшісі Сқақова Ақмарал Дайрабекқызы.
Сабақтың құрылымы, классификациясы, оқыту әдістері туралы толық мәлімет берілгеннен кейін, жаңа оқу материалын пысықтау мақсатында сабақ жоспарын үлгіге сай құрып, толтыру тапсырылды. Педагогикалық машық ретінде бекітілген тобындағы бірнеше сабаққа қатысып, сызба бойынша хаттамасын жасау тапсырылды.
Теориялық және практикалық бөлімге бөлініп, 2 күн қатарынан өткен сабақ жас ұстаздардың алар мәліметі көп шығармашылық идеяға толы шара болды.