Қылмысқа жол жоқ!

Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде а.ж. 23 қарашасы күні «Жастар» комитетінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу, болдырмау мақсатында Атырау № 2 Қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция  бөлімінің ювенальды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Э.Имангазиева және полиция аға лейтенанты Г.Куркембаева жасөспірім студент жастармен кездесу өткізді. Жиналыс барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды. Сонымен бірге осындай кездесулердің жоспар бойынша ұйымдастырылатындығы ескертілді.