17-21 қаңтар 2022ж.Физика-математика және есептеу техникасы пәндік бірлестіктің ұйымдастыруымен “Цифрландыру-бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт” тақырыбындағы аптылығы өтті. 19 қаңтар 2022 жылы- Физика пәні оқытушысы Есетова Әсел Есетқызы “LearningApps интерактивті тапсырма құрастырушысы” тақырыбындағы шеберлік сыныбын өткізді.
Семинар-практикумның мақсаты-Желілік әлеуметтік сервистің мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.Шеберлік сыныпта learningapps.org. онлайн сервисінің кроссворд,жіктеу,пазл,суреттерді сұрыптау хронологиялық сызғыш, мәтінді енгізу,виселицамүмкіндіктерін сабақ барысында қолдануды үйретті.Шеберлік сынып өте жоғары деңгейде өтті. Қатысқан оқытушылар практикалық жұмыс кезінде үйренген learning.apps мүмкіндіктерін қолданып жұмыс жасады.