2022 жылдың 18 қаңтар күні информатика,физика және математика пәндік циклының ұйымдастыруымен колледждің жалпы білім беретін пән оқытушыларына арналған математика пәні оқытушысы Кереш Шұға Сарсенғалиқызының «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың жаңа әдіс,тәсілдерін қолданып Халықаралық “Piza” бағдарламасы бойынша математикалық сауаттылыққа арналған есептерді шығару» тақырыбында онлайн шеберлік сыныбы ӨТЕ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ өтті.
Шеберлік сыныбының Мақсаты:
-жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әдіс, тәсілдер туралы түсініктерін тереңдету, сабақтың оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийі, сабақта қолданылатын әдіс, тәсілдерді көрсету, PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы бойынша математикалық сауаттылыққа арналған есептер шығару;
Шеберлік сыныбында ұжыммен « Келісемін -келіспеймін» , «Миға шабууыл», топпен «Айналмалы станция», жұппен «Ойлан.Жұптас.Пікірлес» әдістерімен оқытушылар Piza –ның есептерін шығарды.
Бағалау критерийінің «Екі жұлдыз ,бір тілек», «Кері байланыс бутерброды», «Медаль және миссия» тәсілдері қолданылды. Сабақ соңында «Плюс, минус, қызықты» атты рефлексия өткізіліп оқытушылар жақсы тілек,ұсыныстарын айтып, сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерді, Pizza ның элементтерін логикалық есептеу жағынан жалпы білім беретін пән оқытушыларымен қатар арнайы пәнге өз мамандықтарына қарай де қолдануға болатын жеткізіп Шұға Сарсенғалиқызының жұмысына оң баға беріп, шығармашылық табыс тіледі.