Жанұя және бала

15-18 наурыз күндері аралығында Атырау қаласы бойынша өткізіліпжатырған «Жанұя және бала» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында  «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың  алдын алу» мәселесі туралы Атырау ҚПБ № 2 ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ-ы полиция аға лейтенанты Бердаулетов Бекет пен полиция лейтенанты  Болат Ақбота Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі оқытушылары мен студенттерімен кездесті.

Аталған шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықтпен күресу мәселелері жөнінде құзырлы органдармен байланыс орнату және жасөспірімдермен жасалатын тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу екендігіне тоқталды. Кездесу барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдерге қазіргі уақытта жалпы қоғамдық орындарда жиі орын алып жататын құқық бұзушылық түрлеріне сипаттама беріп, нақты деректер келтіріп, олар үшін жауапкершілікке тарту және алдын-алу жолдары туралы ақпараттар берді. Сонымен қатар, кейбір отбасында байқалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, орын алу деңгейлері баяндалып, мәліметтер, деректер келтірілді. Қосымша көше тәртібі туралы да студенттердің өз міндеттері мен құқықтары туралы  кәсіби деңгейде  толықтай  ақпарат берді.

Құзіретті органдардың мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын

қойған жасөспірімдер тұшымды жауап алып, ашық пікір алмасу алаңы өткізілді.

Өткізілген шараның маңыздылығы туралы барлық оқу топтарында тәрбиелік сағаттар өткізу туралы тапсырма берілді.