ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2022

Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі бойынша 1-курс оқу топтары студенттері арасында ұлттық құндылықтарды, халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын, ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында «Жігіт сұлтаны-2022» байқауы өткізілді. Студент жастардың тапқырлығын, шешендігін, өнерін, дарындылығын, шеберлігін танытуға мүмкіндік берген байқау қорытындысымен барлық қатысушыларға және жеңімпаздарға колледждің Мадақтамасы мен Алғыс хаттары табысталып, ескерткіш сыйлықтар берілді. Шараға ата-аналардың қатысуы ерекше әсер берді.