Жасөспірім және тәртіп

Колледжде «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың  алдын алу» мәселесі бойынша Атырау қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығының орынбасары,  полиция подполковнигі А.Қазбеков, Атырау қаласы  полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы,  полиция майоры А.Қарамұратов және Атырау № 2 қалалық полиция бөлімшесінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция майоры Қ.Дюсенгалиевтың қатысуымен колледж оқытушылары мен студенттерінің кездесуі өтті.

Аталған шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын қоғамдағы құқық бұзушылықтпен күресу мәселелері жөнінде құзырлы органдармен байланыс орнату және жасөспірімдермен жасалатын тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу. Кездесу барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдерге қазіргі уақытта жалпы қоғамдық орындарда жиі орын алып жататын құқық бұзушылық түрлеріне сипаттама беріп, нақты деректер келтіріп, олар үшін жауапкершілікке тарту және алдын-алу жолдары туралы ақпараттар берді. Қосымша көше тәртібі туралы да студенттердің өз міндеттері мен құқықтары туралы  кәсіби деңгейде  толықтай  ақпарат берді.

Құзіретті органдардың мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын

қойған жасөспірімдер тұшымды жауап алып, ашық пікір алмасу алаңы өткізілді.