«Білгірлер бәйгесі» тақырыбында сабақтан тыс пәндік шара өтті.

21.12.2021ж, сағ 1230-да 208 кабинетте 2этм1,2 оқу топтары арасында «Электротехника негіздері» пәнінен «Білгірлер бәйгесі» тақырыбында сабақтан тыс пәндік шара өтті. Шараны өткізуші арнайы пән оқытушылары: Венра Галиматоллаевна мен Абылай Маратович.

 Сайыстың мақсаты: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, сүйіспеншілігін қалыптастыру. «Электротехника негіздері» пәнінен алған білімдерін тиянақтау, пысықтау, қайталау. Тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі де тиянақты баяндауға, мәлімдеуге,  құштарлығы мен  дүниетанымын кеңейтуге, баулу және өз мамандығына  сай маман иесі болуға тәрбиелеу. Сайыс экскурция түрінде, яғни үш қақпадан өтіп, алтын сандықтағы жүлдені алу болды. Сайыс кезеңдері мынадай:

“Тас қақпа” 2-бөлімнен тұрады.

  • «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (сұрақтарға жауап беру)
  • «Кім алғыр?» ( Әрбір топқа бір-бір әріп таратылады. Сол әріптен басталатын  жауап берулері қажет.) 

 «Күміс қақпа»: 2-бөлімнен тұрады.

  • «Кім жылдам, әрі тапқыр?» (шартты белгілерін сәйкестендіру).
  • «Жұбын тап» (Кестеде берілген сөздерді жұптастыру)

«Алтын қақпа» 2-бөлімнен тұрады.

  • «Тапқыр  болсаң, талас жоқ?» (схема жалғау)
  • «Кім ұтқыр ойлы?» (сұрақтарға жауап беру)

«Алтын сандық»

  • «Ой қозғау» (тест сұрақтары)

Қорытынды Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау