«Worldskills Atyrau-2022» өңірлік чемпионатының ашылу салтанаты

16 мамыр күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Worldskills Atyrau-2022» өңірлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Бұл чемпионатқа облыстың 21 колледжден 200-ге жуық студент қатысса, соның 25 студенті О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің атынан қатысып, бақтарын сынайды.
Жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөлу еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында өткізілетін шараға 14 құзіреттілік бойынша қатысады.
Біздің колледждің алаңдарында чемпионаттың конкурстық кезеңдері «4-ші және 5-ші кластардың теміржол стансасының кезекшісі», «Ветеринария», «Тоңазытқыш техникасы және кондиционерлеу жүйесі», «Агрономия” құзыреттіліктері бойынша өткізіледі.
Чемпионатқа қатысушы жастарға және сарапшыларға сәттілік тілейміз.