Апталық

2018 жылдың  12-16 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының  25 жылдығына арналған экономикалық пәндер бойынша «Білімді маман- мәңгілік ел болашағы» тақырыбында апталық  өткізілді.Апталықты ұйымдастырудың негізгі мақсаты- студенттердің жеке тұлғалық  қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін шыңдау,өз мамандықтарына , экономикалық пәндерге деген  қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылды.
Апталықтың алғашқы күні Ерболаева Жұмағыз Абенқызының  ұйымдастыруымен «Есеп және аудит» мамандығығы 3 курс  студенттерінің арасында «Қаржылық есеп» пәні бойынша «Білімді жас-ел ертеңі» тақырыбындағы сайысымен басталды.Сайыс 6 кезеңнен тұрды.Сайысқа «Бухгалтерлер» және «Аудиторлар» атты 2 топ қатысты.Бұл сайыста студенттер пән бойынша алған білімдері мен дағдыларын тереңдетіп қана қоймай, болашақ есеп мамандары ретінде өздерінің  кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін де көрсете білді.
Апталықтың екінші күнінде Ақболатова Баян Жұмашқызы «Аудит» пәнінен 3бух1 тобында «Іскерлік ойын» өткізді. Іскерлік ойынды өткізу мақсаты студенттердің пән бойынша алған теориялық білімдерін тереңдету  және пәнге деген қызығушылығын арттыру болды.Іскерлік ойын 3 кезеңнен тұрды.
Апталықтың келесі күні «Экономика негіздері» пәні оқытушысы  Кереева Альбина Төлегенқызы «Теңге-мемлекет келбеті» тақырыбында колледж студеттерінің қатысуымен Мерекелік кеш ұйымдастырды.Кеште студенттер теңгенің шығу тарихымен , оның бүгінгі таңдағы ел экономикасын дамытудағы алатын орнынымен танысты.Сондай-ақ студенттер ақындардың Теңге туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып,ән айтылып, би биленіп, күй тартылды.Мерекелік кешті колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қабдолов Қанат Тарихұлы қортындылап, кештің өтуіне атсалысқан студенттерге алғыс айтты.
Апталықтың төртінші күні экономикалық цикл комиссиясы оқытушыларының ұйымдастырған «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері,мәселелері,келешегі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен жалғасты.
Конференцияның мақсаты-Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі  бағыттарын, тәуелсіздіктің экономикалық негіздерінің қалыптасуын,әлеуетті мүмкіндіктер негізінде елдің экономикасындағы өзекті мәселелері мен ұлттық валютаның тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша ақпарат алмасу болды.
Конференция жұмысына  ҚР білім және ауылшаруашылығы салаларының үздігі , экономика ғылымдарының кандитаты -Б.Ж.Таубаев , АҚ Банк Хоум Кредит еншілес Филалының сату  бағытының басшысы-Қ.М.Хинекин,Атырау мұнай және газ университетінің  мұнай факультетінің деканы Ж.Маниев және облыстағы колледждердің оқытушылары мен студенттері қатысты.Конференция жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша өтті :

  • Қазіргі экономикада ұлттық валютаның рөлі;
  • Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті экономикасының қалыптасуы;
  • Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің қазіргі жағдайы мен болашағы;
  • Қазіргі таңдағы еліміздің әлеуметтік саясаты: халықтың табысы мен тұрмыс сапасын арттыру;
  • Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында агороөнеркәсіп кешенінің даму мүмкіндіктері.

Конфенция қортындысында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Апталықтың  соңғы күнінде оқытушылар Сәлімгереева Ақмарал Әділшеқызы мен Абилова Жангүл Мақсотқызы  колледж студенттері арасында «Жастар және бизнес» тақырыбымен жобалар сайысын ұйымдастырды.Бұл сайысқа қатысқан студенттер    өздері дайындаған бизнес жобаларын таныстырып қана қоймай, жоғары нарықтық бәсекелестік жағдайында кәсіби  құзіреттіліктері  мен ойларының креативтіліктерін көрсете білді. Жобаға қатысып белсенділік танытқан студенттер колледж директорының Алғыс Хатымен марапатталды.
Сайысты колледж директорының ғылыми және оқу әдістемелік жұмсытары жөніндегі орынбасары Искалиева Асия Сағытжанқызы қортындылап , сайысты ұйымдастырған оқытушыларға және қатысқан студент жастарға алдағы уақытта шығармашылық табыстар тіледі.