Жатақханаға қабылдау

О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасындағы бос орындарға құжаттар қабылдау жалғасуда. Құжаттар www.egov.kz “электронды үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – портал)  арқылы немесе қағаз  түрінде жүзеге асырылады.

Жатақханалардағы орындар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген “Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы (ұйым орналасқан қалада (елді мекенде) жеке меншігінде тұрғын үй бірлігі (пәтер, үй) жоқ) анықтама ұсынған жағдайда тұрғын жайға мұқтаж білім алушылар арасында бөлінеді.

Қажетті құжаттар: Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлімет, отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтама, ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәлік(жетім балалар үшін), отбасында 4 және одан көп баланың болуы туралы анықтама(көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектікті растау туралы анықтама, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқығын растау туралы анықтама;

Қызмет көрсету мерзімі- 3 жұмыс күні