Жатақхана тынысы

Колледж бойынша 2022-2023 оқу жылында 36 орындық студенттер жатақханасына орналасуға әлеуметтік жағдайлары төмен жанұялардан оқитын және шалғай ауылдық мекендерде тұратын студенттердің ата-аналарынан бүгінгі күнге дейін ұсыныс берген 30 студенттің құжаттары зерделеніп, толықтай құжаттары жинақталған 19 студент жатақхана бөлмелеріне орналастырылды. Оның ішінде 7-і толық емес жанұядан, 2-нің аналары «Алтын Алқа» иегері, 3-нің аналары «Күміс алқа» иегері, 4-і көп балалы жанұядан, 2-нің ата-насы зейнеткер, 1-нің ата-анасы жұмысссыз. Қазіргі уақытта жатақхананың бос бөлмелеріне орналастын студенттердің құжаттары жинақталуда.