Ғылым мен білім беруді дамытудың басым бағыттары

????10.10.2022 ж. Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжі.
???? Конференц-зал «Sultan Palace Hotel»
???? Халықаралық конференция ???????? ???????? ???????? ????????
????«Ғылым мен білім беруді дамытудың басым бағыттары»
???? Мақсаты – қазіргі заманғы ғылым мен білім беруді дамытудың заманауи үрдістері, перспективалары, жаңа әдіс-тәсілдері мен инновациялық зерделеу жұмыстары, оның тиімділігін арттыру модельдері, заманауи технологиялардың өзекті мәселелері мен болашағы зерттеулер мен ақпарат алмасу.
???? Конференцияға Өзбекстан Республикасының Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтының физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мардонов Ботир Мардонович, Әзірбайжан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының Геология институтының техника ғылымдарының докторы, профессор Эфендиев Галиб Мамед оглы, Украина ғылым академиясының В. Н. Бакуль атындағы аса қатты материалдар институтының техника ғылымдары докторы, профессор Бондаренко Микола Олександрович, Әзірбайжан Республикасының Мұнай, газ және химия мәселелері бойынша геотехнологиялық институтының техника ғылымдарының докторы, профессор Саттаров Ракиз Мамед оглы және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің ғалымдары мен профессорлары қатысып, қол жеткізілген ғылыми-техникалық тәжірибелерімен, идеяларымен бөлісті. Конференцияның ашылу салтанатында Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Г.М.Садуахасова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры С.Идрисов сөз сөйлеп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Шара соңындағы қатысушылар мен қонақтардың Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжінің директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Ислам Исағалиевич Джанзаковты 60 жас мерейтойымен құттықтауы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысының жарқын қорытындысы болды.
Мерейтой иесін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлыбек Жұмахметұлы Ожаев пен қоғам және мемлекет қайраткері Равиль Тәжіғараұлы Чердабаев құттықтады.