Сабақ жоспарын тиімді жоспарлаудың жолдары

«Педагогтердің жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына (өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022жылғы 27тамыздағы № 382 бұйрығы негізінде) «Сабақ жоспарын тиімді жоспарлаудың жолдары» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Менторлар: «педагог-зерттеуші» оқытушылар Тұрақбаева Бұлбұл Саркеновна, Ажигалиева Гулбарам Орынгалиевна.
«Педагог-зерттеуші» Тұрақбаева Бұлбұл Саркеновна жаңартылған сабақ жоспарының әрбір кезеңіне тоқталып, сабақ мақсаттары, бағалау критерийлері, дискриптор, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс,рефлексия туралы түсіндірді.
«Педагог-зерттеуші» Ажигалиева Г.О оқытушыларға өткізген ашық сабағының жоспарын түсіндіріп, сабақта қолданған әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Семинарды қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Қ.П.Халелова қорытындылады.