Қазақтан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық штаб мүшелерінің және сенімді өкілдерінің үгіт-насихат жұмыстары

Атырау облыстық қоғамдық штабының желілік кестесіне сәйкес, Қазақтан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық штаб мүшелерінің және сенімді өкілдерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бағытындағы колледж ұжымымен кездесуі өткізілді. Аталған шараға колледж қызметкерлері мен оқытушылары, кәмелет жасына толған, сайлауға қатысуыға құқығы бар студент жастар қатысты. кездесу барысында Идрисов С.Н., Шалабаева Н.Х. бастаған облыстық қоғамдық штаб мүшелері ұжымға Президенттікке үміткер кандидаттың сайлауалды бағдарламасын жан-жақты жүйелі түсіндіріп, тыңдаушылардың ой-пікірлерін тыңдап, облысымыздың экономикасын көтерудегі басты бағыттардың бірі ауыл шаруашлығының дамыту стратегиясы, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың өңірімізге келген сапарында айқындалған кешенді іс-шараларды жүзеге асырудағы басты бағыттарға тоқталды.