Республикалық байқаудың жеңімпазы

Бүгін, 30 қараша күні, Қарағанды қаласында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы құрылыс саласы бойынша кәсіби шеберліктің Республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Байқаудың қорытындысы бойынша Атырау облысы атынан байқауға  қатысқан біздің әріптесіміз – колледждің өндірістік оқыту шебері Ұлықпанов Нұрлыхан Асланұлы  жүлделі  1 орынды жеңіп алды.  Марапаттау салтанатында  Нұрлыхан Асланұлына арнайы Алғыс хат, сертификат және ақшалай сыйлық табысталды. Әріптесімізді жоғары жетістігімен құттықтаймыз!