«WorldSkills Kazakhstan-2022» республикалық чемпионаты

7-9 желтоқсан аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығы мен Астана қаласының колледждері алаңында «WorldSkills Kazakhstan-2022» республикалық чемпионаты өтті.

WorldSkills халықаралық қозғалысы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және танымал етуге бағытталған жоба. Сонымен қатар сайыс білікті кадрларды даярлауда жаңа трендтер туғызатынын да атап өткен жөн.

Аталған  VII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына колледжден облыстың намысын қорғайтын команда құрамында арнайы пән оқытушысы – эксперт-компатриот А.Е.Суйесинова, облыстық чемпионаттың жеңімпаздары Ахмет Қайрат, жетекшісі Н.А.Ұлықпанов және  Ж.Н.Урынбасаров («Шанақ жөндеу» құзыреттілігі), жетекшісі С.Т.Қарабатыров қатысты.

Чемпионат қорытындысында   жас маман ретінде өз кәсіби шеберлігімен ерекшеленіп, «Тас қалау» құзыреттілігі бойынша «ҮЗДІК МАМАН» медальонын иеленген колледждің 3 курс студенті  Ахмет Қайратты жеңісімен  құттықтаймыз! Алар асуларың биік болсын!