1тора1 оқу тобында құрылысшы мамандығының арнайы пән оқытушысы Базарбай К.Н «Әке-тірек, Ана-жүрек, Бала-тілек» тақырыбында сабақтан тыс тәрбиелік шара өткізді.
Тәрбиелік шараның мақсаты-студенттердің бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу; халқымыздың тәлім –тәрбиесінің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалар бойына дарыту,отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Тәрбиелік шара әңгіме түрінде өтті. Интерактивті тақтадан слайд, видеоролик көрсету арқылы өткізді. Жалпы кіріспе сөз барысында “Отбасы тәрбиесі” тақырыбында баяндама оқылып, талданды. Әкенің орнын құрметтеп отыруда «Әке мен Бала» бейнеролигін студенттер назарына ұсынып, оған талдау жасады. Ортада Анаға құрмет көрсету мақсатында «Менің анам» әнімен Сапаров Нұрлан өз даусымен ән шырқады. «Әкешім» атты өлең жолдарын мәнерлеп оқуда Сағынғалиев Ермахан әдемі ырғақпен мәнерлеп оқып берді. Психологиялық сұрақтар қою арқылы әр студент әр түрлі жағдаяттардан шығу жолдарын өздерінің көз қарастарын білдіртті.«Ана сен бақыттысың» әнін Бали Базмухамед шырқады. Мақал- мәтелдермен де жалғасын табу арқылы жұмыс жасалды. Оқу тобы шара соңын «Акешім-Анашым» әнімен хормен аяқтады.
Сабақ соңында студенттер өздеріне үлкен мәні бар ой түйді деген сенімдеміз деп қорытындылады бөлім меңгерушісі Ж.Рысқалиев