Поэзия кеші

Оңайбай Көшеков атындағы аграрлы-техникалық колледжі кітапхансының оқу залында 12 қыркүйек күні кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясы айдынының ақ шағаласы атанған ақын Ақұштап Бақтыгерееваның мерейлі 80 жас толуына орай  «Жырымен әлдилеген Ақжайығын» атты поэзия кеші өткізілді.

Поэзия  кешінде ақынның өмірі мен шығармашылығынан мәліметтер беріліп, 1Вет 2, 1С2, 1ЦТ1, 1Тора1 оқу топтарының студенттері қаламгер өлеңдерін мәнерлеп оқып, әсем ән мен күймен әрледі. 5-қалалық кітапхананың қызметкерлері қатысты.

Шара соңында кеш қонақтары сөз сөйлеп, шараға қатысқан студенттерге алғыс білдірді.