«Дебат – 2024» Облыстық пікір сайыс турнирі

28.09.2024ж күні Атырау облысы Білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында Атырау индустиралды колледж базасында         «Дебат – 2024» Облыстық пікір сайыс турнирі өтті. Облыстық пікір сайыс  қазақ және орыс тілдер лигасы бойынша өтті. Турнирге 9колледжден студенттер қатысып бақ сынады. Соның бір командасынан О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің 2цт1 оқу тобының студенттері қазақ тілдер лигасы бойынша Алғыс хат иеленсе, жетекшісі: Хатенова М.М, орыс тілдер лигасы бойынша 2курс студенттері 2стр1 Тұхпатолла Бахыт пен 2цт1 Бериков Бексұлтан қатысып жүлделі 1-ші орынды иеленді. Жетекшісі: Суйесинова А.Е. Жастарымыз әділ, ашық өткеніне риза болды. Барша жүлделі орындар құтты болсын! Тартысты қызықты дебат болды. Студенттерге алда тек сәттілік тілейміз! #Біртұтас_тәрбие_Атырау