«Atyrau Marafon 2024»

13 қазанда қаламызда жыл сайынғы дәстүрлі түрде өтетін «Atyrau Marafon 2024» ұйымдастырылды. О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері аталған марафонға қатысып, қала тұрғындарына нашақорлықтың зияны туралы хабар беріп, марафонды өткізу мақсатына өз үлестерін қосуда. Қала тұрғындарымен бірлесіп қатерлі дертке айналған нашақорлықтың алдын алу мақсатында өткізілген игі шараға өз үлестерін қосып, жерлес жастарды осы дертпен күресуге шақырды. #біртұтас_тәрбие_Атырау #нашақорлыққа_жол_жоқ