Лудомания – ғасыр дерті

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы негізінде жастар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дамуына зиян келтіртін ақпараттан қорғау және лудоманиямен күресте тәрбие мен түсіндіру шараларына ерекше назар аудару мақсатында «Іскер Ханым» қоғамдық қорының қатысуымен  «Лудоманиямен (құмар ойындар) күрес және оның алдын алу» тақырыбында колледждің студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында  «Лудомания – ғасыр дерті» тақырыпты бейне фильм көрсетіліп, өмірден алынған деректер негізінде ұсынылған мәліметтер туралы жастар өз ойларын ортаға салды. Аталған шараға қоғам қайраткері, спикер Сандыбаев Мирбол, үйлестіруші Мухсинова Асия, психолог-психосоматолог Қожабаева Айнұр қатысты. Аталған  проблеманы шешудің тиімді жолдарының бірі ретінде оқу топтарында тақырыптық тәрбие сағаттары өткізілді.

#Біртұтас_тәрбие_Атырау