2018 жылдың 14 қарашасында «Экономика негіздері» пәні оқытушысы Кереева Альбина Төлегенқызы «Теңге – мемлекет келбеті» тақырыбында колледж студеттерінің қатысуымен Мерекелік кеш ұйымдастырды. Кеште студенттер теңгенің шығу тарихымен, оның бүгінгі таңдағы ел экономикасын дамытудағы алатын орнынымен танысты. Сондай-ақ, студенттер ақындардың теңге туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ән айтылып, би биленіп, күй тартылды. Мерекелік кешті колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қабдолов Қанат Тарихұлы қорытындылап, кештің өтуіне атсалысқан студенттерге алғыс айтты.