“Өлшеуіш құралдар. Температураны өлшеу аспаптарының жіктелуі” ашық сабағы

2024 жылдың 9 желтоқсанында “Өндірістік инновациялар және цифрлық трансформация” онкүндігі аясында оқытушы Г.Ж. Турланова 2ау1 оқу тобымен КМ2 модулінде ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: “Өлшеуіш құралдар. Температураны өлшеу аспаптарының жіктелуі”.

Сабақтың мақсаты – студенттерді температураны өлшеу аспаптарының түрлерімен, олардың жұмыс принциптерімен және қолдану салаларымен таныстыру. Сонымен қатар, өлшеу құралдарының дәлдігін қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасын сақтау және практикалық қолданыстағы мысалдарды қарастыру.

Сабақ барысында студенттер температураны өлшеу аспаптарының әртүрлі типтерімен жұмыс істеп, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдады. Жабдықтарды дұрыс пайдалану және техникалық қызмет көрсету қағидалары да түсіндірілді. Бұл сабақ студенттердің өндірістік процестердегі өлшеуіш құралдардың маңызын терең түсінуіне ықпал етті.