STEM – білім беру негізінде жаратылыстану – ғылыми цикл пәндерін оқыту әдістемесі мен мазмұны

Ақпан айының 22 жұлдызы күні О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледждің “Физика-математика және есептеу техникасы” пәндер бірлестігінің онкүндігі жоспарына сәйкес колледж оқытушылары арасында «STEM – білім беру негізінде жаратылыстану – ғылыми цикл пәндерін оқыту әдістемесі мен мазмұны» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Инновациялық технологиялар және жаратылыс (гуманитарлық) ғылымы пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Турганова Бибигуль Калимуллиевна қатысып, зор мағлұмат берді. Оқытушылар STEM білім беру бойынша ақпарат алып, ойларымен бөлісті. Шара соңында Турганова Бибигуль Калимуллиевна колледж атынан Алғыс хатпен марапатталды.