«IT технологиясы – экономиканы технологиялық жаңғыртудың негізі»

Ақпан айының 26 жұлдызы күні О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледждің “Физика-математика және есептеу техникасы” пәндер бірлестігінің онкүндігі жоспарына сәйкес облыс колледждері студенттері арасында «IT технологиясы – экономиканы технологиялық жаңғыртудың негізі» атты студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты: 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауына сәйкес ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру, студенттердің шығармашылық дағдысын қалыптастыру болды. Конференцияны колледж директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор И.И.Джанзаков мырза ашты. Конференцияда студенттер қазіргі заманда өзекті болып отырған ІТ технологияның дамуындағы қызықты жаңалықтарымен бөлісіп, оның адамзатқа тигізер пайдасы мен зиянды жақтарын баяндады. Сонымен қатар, робототехниканың даму қарқыны жайында деректі мәліметтер келтіріп, жобамен келген студенттер де көзге түсті.Конференция мазмұнды және қызықты өтті. Конференция соңында қатысушы студенттер мен жетекші оқытушылар колледж атынан Алғыс хаттармен марапатталды.